Қорғасқа апаратын жол жөнделді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиДорога, асфальт
Дорога, асфальт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қорғасқа апаратын жолдың жөнделгенін хабарлады.
"Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас" автожолының 291–306 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылған болатын. Жаңартылған жол учаскесінің жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Жұмысшылар ескі жол жабындысын алып, заманауи екі қабатты асфальтбетон төседі. Сондай-ақ жаңа жол белгілері орнатылды.
"Қолданысқа берілген бұл жол стратегиялық маңызға ие. Аталған бағыт Шонжы ауылын және Жаркент қаласын Қытай шекарасындағы "Қорғас" халықаралық өткізу бекетімен байланыстырып, өңір тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар халықаралық тасымалдардың дамуына да жол ашады", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, жақында "ҚазАвтоЖол" жазда көліктер көп жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялаған болатын. Қорғасқа баратын адамдар аз емес.
Жол жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Жол құрылысы тек цифрлық теңгемен қаржыландырылады - министр
Жаңалықтар
0