https://sputnik.kz/20250819/zhol-qurylysy-tek-tsifrlyq-tengemen-qarzhylandyrylady---ministr-56452951.html
Жол құрылысы тек цифрлық теңгемен қаржыландырылады - министр
Жол құрылысы тек цифрлық теңгемен қаржыландырылады - министр
Sputnik Қазақстан
Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T15:03+0500
2025-08-19T15:03+0500
2025-08-19T15:03+0500
жол жөндеу
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847221_0:69:1280:789_1920x0_80_0_0_b0a8d3897c8d3bcadb9b4c8214ee4f9a.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда автожол саласындағы барлық жоба "Цифрлық теңге" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады, деп мәлімдеді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.Қаражатты мақсатсыз пайдалануға қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұраққа жауап бере отырып, Нұрлан Сауранбаев теміржолдағы ірі жобаларды жүзеге асыру цифрлық теңгеге ауыстырылғанын хабарлады. Мұндағы қаржыландырудың бүкіл процесін Ұлттық банк реттейді. Сондықтан да бұл қаражатты нақты мақсатына сәйкес жұмсауға мүмкіндік береді.Спикер осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады."Цифрлық теңге" дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді", — деді Нұрлан Сауранбаев.
https://sputnik.kz/20250806/elektrondy-tsifrlyq-qoltanbany-alu-tolygymen-onlayn-formatqa-koshiriledi-56207268.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847221_68:0:1212:858_1920x0_80_0_0_4ffa44e1dd244603a3ff241f1221df70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жөндеу, қаржыландыру
Жол құрылысы тек цифрлық теңгемен қаржыландырылады - министр
Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда автожол саласындағы барлық жоба "Цифрлық теңге" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады, деп мәлімдеді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев
үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Қаражатты мақсатсыз пайдалануға қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұраққа жауап бере отырып, Нұрлан Сауранбаев теміржолдағы ірі жобаларды жүзеге асыру цифрлық теңгеге ауыстырылғанын хабарлады. Мұндағы қаржыландырудың бүкіл процесін Ұлттық банк реттейді. Сондықтан да бұл қаражатты нақты мақсатына сәйкес жұмсауға мүмкіндік береді.
"Автожолдарға келетін болсақ, біз Павлодар мен Атырауда екі жоба бойынша осындай пилоттық жобаны бастадық. Қазірдің өзінде баға айырмашылығын сезініп отырмыз. Біз автожолдар бойынша барлық жобаны цифрлық теңге арқылы жүзеге асыратын боламыз. Осындай бақылаудың арқасында ақша мақсатсыз жұмсалмайды", - деді министр.
Спикер осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады.
"Цифрлық теңге" дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді", — деді Нұрлан Сауранбаев.