Үш ірі жол апаты: ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтіп жатыр

Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Жазылу
Ауқымды тексерістер, рейдтер, қалааралық бағыттар мен жеке тасымалдаушыларға мониторинг жүргізіледі
АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлады Polisia.kz.
Соңғы күндері еліміздің жолдарында болған үш бірдей қайғылы оқиға барша халықты дүр сілкіндірді.
Айта кетсек, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуы салдарынан 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көліктің соқтығысуы тағы 10 адамның өмірін қиды — апаттың себебі қарсы бағытқа шығу болған. Қарағанды облысында да дәл осындай себеппен жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.
"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — жай ғана жол апаттары емес. Бұл — орны толмас адам шығыны", — деді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды. ІІМ тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, ешқандай тергеу қаза тапқандардың өмірін қайтара алмайды, дейді ведомстводағылар.
"Барша жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жолдаймыз: жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты арттыру. Қарсы бағытқа шығу. Қауіпті маневр жасау. Қауіпсіздік белдігін тақпау. Мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіретін қателіктер", — деді Сарғұлов.
Осыған байланысты ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтіп жатыр. Ауқымды тексерістер, рейдтер, қалааралық бағыттар мен жеке тасымалдаушыларға мониторинг жүргізіледі. Көліктің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.
Алайда жолдағы қауіпсіздік тек полицияның жұмысы емес. Бұл — әрбір азаматтың жеке тәртібі мен жауапкершілігі, деп ескертті полицейлер.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Маңғыстаудағы жол апаты: өңірге Ұлттық ұланның арнайы борты жіберілді
Жаңалықтар
0