https://sputnik.kz/20250915/aqtobede-108-olekse-tabyldy-kiik-nege-qyryldy-57087859.html
Ақтөбеде 108 өлексе табылды: киік неге қырылды
Ақтөбеде 108 өлексе табылды: киік неге қырылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде киік қырылып қалды. Жануардың ажалы адамнан келді ме, ауадан келді ме? Sputnik Қазақстан тілшісіне аумақтық инспекция... 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T18:40+0500
2025-09-15T18:40+0500
2025-09-15T18:40+0500
ақтөбе
киік
заңсыз киік аулау
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде киік қырылып қалды. Жануардың ажалы адамнан келді ме, ауадан келді ме? Sputnik Қазақстан тілшісіне аумақтық инспекция басшылары айтты.Қырылып жатқан киіктің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Мән-жайды Ақтөбе аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Әділгерей Әуілбаевтан сұрап білдік.Қырылған киіктің фотосын түсіріп, оқиға орнынан ізін жасырған аңшының кім екені анықталған.Қырылған киіктің саны - 108, аталығы - 60, аналығы - 48."Киік неге қырылды дегенге келсек, қазір су азайды. Мына Ырғызға кетіп бара жатқанда екі ортада Қайрақты деген ауыл бар. Соның жанынан ағатын қара су. Өзен деуге де келмейді. Тереңдеу, сол жерге келіп су ішкенде киіктер бірін бірі таптап кеткен. Инспекторлар өлексе мен суға сараптама жасады, бірақ сараптама таза шықты", - дейді Әуілбаев.Қысқасы киіктің ажалы адамнан да, судан да, ауадан да емес, киіктің ажалы киіктен келген.
https://sputnik.kz/20250611/batys-qazaqstan-oblysynda-300-den-astam-kiik-sudan-ote-almay-qyryldy-54511160.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, киік, заңсыз киік аулау
ақтөбе, киік, заңсыз киік аулау
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде киік қырылып қалды. Жануардың ажалы адамнан келді ме, ауадан келді ме?
Sputnik Қазақстан тілшісіне аумақтық инспекция басшылары айтты.
Қырылып жатқан киіктің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Мән-жайды Ақтөбе аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Әділгерей Әуілбаевтан сұрап білдік.
"Киік деген жануар жаратылысында жиі көшіп қонады. Ауасы жайлы жерге қарай көшеді. Күзде Ырғызға қарай барады. Сол 10 мыңға жуық киік көшкенде суатқа тоқтап су ішсе, бірін бірі таптап кетеді", - дейді Әділгерей Әуілбаев.
Қырылған киіктің фотосын түсіріп, оқиға орнынан ізін жасырған аңшының кім екені анықталған.
"Оның қашып кететін жөні бар. Жалпы киікті аулауға 7 облысқа рұқсат берді. Бірақ Павлодар мен Ақтөбеге рұқсат бермеді. Жаңағы аңшы рұқсаты жоқ кісі болған. Ал бізге киікті аулауға не үшін рұқсат бермеді. Өйткені бізде ет комбинаттары алыс орналасқан. Ол жерге жеткізгенше ет бүлініп кетуі мүмкін", - дейді Ақтөбе аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы.
Қырылған киіктің саны - 108, аталығы - 60, аналығы - 48.
"Киік неге қырылды дегенге келсек, қазір су азайды. Мына Ырғызға кетіп бара жатқанда екі ортада Қайрақты деген ауыл бар. Соның жанынан ағатын қара су. Өзен деуге де келмейді. Тереңдеу, сол жерге келіп су ішкенде киіктер бірін бірі таптап кеткен. Инспекторлар өлексе мен суға сараптама жасады, бірақ сараптама таза шықты", - дейді Әуілбаев.
Қысқасы киіктің ажалы адамнан да, судан да, ауадан да емес, киіктің ажалы киіктен келген.