https://sputnik.kz/20250611/batys-qazaqstan-oblysynda-300-den-astam-kiik-sudan-ote-almay-qyryldy-54511160.html
Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік судан өте алмай қырылды
Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік судан өте алмай қырылды
Sputnik Қазақстан
Мамандар 308 киіктің өлексесін тапқан 11.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-11T08:26+0500
2025-06-11T08:26+0500
2025-06-11T08:28+0500
батыс қазақстан облысы
өзен
киік
https://sputnik.kz/img/574/89/5748927_72:103:722:468_1920x0_80_0_0_1150bab9af129a9630d9973bee9f1bb3.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік өзеннен өте алмай қырылып қалды.КТК телеарнасының мәліметінше суға тұншығып арам қатқанның бәрі биылғы төл екен.Киік қырғыны Ресеймен шекаралас Қазталов ауданындағы Сарыөзен су айдынында болған.Мамандардың мәліметінше, бұл жер ақбөкендердің жортатын жолы екен. Сондықтан өзен суы лайланып, кейбір жері балшыққа айналған. Лай су мен биік жардан өту үлкен киіктерге қиын болмағанымен, құралайлар өзеннен өте алмай суда қалған.Мамандар бұл жерден 308 киіктің өлексесін тапқан. Арам қатқан жануарлар қазір арнайы орынға жеткізіліп, жойылып жатыр."Киік бір жерден өтпейді, мысалы, судан өту үшін Жәнібек ауданының Таловка ауылына, Қазталов ауданындағы Қошанкөл ауылына дейін барады, одан да асып кетеді. Яғни сондықтан кезекшілік қоюға мүмкіндік жоқ", - дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумағының инспекция басшысы Нұрлан Рахымжанов.
https://sputnik.kz/20250328/bul-tabigi-zhagday-ministrlik-kiik-olekselerine-qatysty-tusinikteme-berdi-52000502.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/574/89/5748927_198:144:639:474_1920x0_80_0_0_d90cf4574c34ea2539de576268436a1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, өзен, киік
батыс қазақстан облысы, өзен, киік
Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік судан өте алмай қырылды
08:26 11.06.2025 (жаңартылды: 08:28 11.06.2025) Мамандар 308 киіктің өлексесін тапқан
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік өзеннен өте алмай қырылып қалды.
КТК телеарнасының мәліметінше суға тұншығып арам қатқанның бәрі биылғы төл екен.
Киік қырғыны Ресеймен шекаралас Қазталов ауданындағы Сарыөзен су айдынында болған.
Мамандардың мәліметінше, бұл жер ақбөкендердің жортатын жолы екен. Сондықтан өзен суы лайланып, кейбір жері балшыққа айналған. Лай су мен биік жардан өту үлкен киіктерге қиын болмағанымен, құралайлар өзеннен өте алмай суда қалған.
Мамандар бұл жерден 308 киіктің өлексесін тапқан. Арам қатқан жануарлар қазір арнайы орынға жеткізіліп, жойылып жатыр.
"Киік бір жерден өтпейді, мысалы, судан өту үшін Жәнібек ауданының Таловка ауылына, Қазталов ауданындағы Қошанкөл ауылына дейін барады, одан да асып кетеді. Яғни сондықтан кезекшілік қоюға мүмкіндік жоқ", - дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумағының инспекция басшысы Нұрлан Рахымжанов.