Халық талабы: Алматыда екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда халықтың талабымен екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды
Алматыда халықтың талабымен екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2025
Жазылу
Алматы әкімдігі бұл мәселені бақылауға ұстауға мүдделі
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Бостандық ауданы тұрғындарының арызынан кейін екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Розыбакиев – Катаев-Радостовец көшелерінің алаңында "CAMH Realty" және "ВЕК-Тұмар" компаниялары құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізген. Бұл аумақта мектеп те салынады. Ал оған қажетті жер учаскесінің шекаралары нақтыланбады.
"Тұрғындармен, сондай-ақ "CAMH Realty" компаниялары мен "ВЕК-Тұмар" ЖШС өкілдерімен кездесудің нәтижесі бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалық құжаттамаға қажетті түзетулер енгізгенге дейін құрылысты тоқтата тұру және шекараларды нақтылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Алдағы уақытта шешімдер қала тұрғындарының мүдделері мен қолданыстағы заңнаманың талабын ескере отырып қабылданатын болады.
Алматы әкімдігі бұл мәселені бақылауға ұстауға мүдделі.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Алматыдағы заңсыз құрылыс: облыс әкімі қатаң шаралар қабылдауды тапсырды
Жаңалықтар
0