Алматыдағы заңсыз құрылыс: облыс әкімі қатаң шаралар қабылдауды тапсырды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша күн сайын әкімдікке есеп беріп отыру тапсырылды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары барысында заңсыз құрылыс фактілері анықталып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Заречный шағын ауданында өткен көшпелі кеңес барысында "LH AL" ЖШС-ға тиесілі құрылыс нысанында рұқсат құжаттарынсыз жер қазу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Тексеру нәтижесінде компанияның құрылыс заңнамаларын сақтамай жұмыс жүргізіп жатқаны анықталған.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары
Облыс әкімі заң бұзушылықтарды қатаң сынға алып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
"Біз ретсіз құрылысқа және жер мен экологияға немқұрайлы қарауға жол бермейміз. Барлық жұмыс заң талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс", – деді Марат Сұлтанғазиев.
Осыған байланысты әкім бірқатар мемлекеттік органға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, "LH AL" ЖШС-ға анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша күн сайын Алатау қаласы әкімдігіне есеп беріп отыру тапсырылды.
Ақтаудағы Каспий жағалауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар 3,7 млн теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0