Қазақстан ресейлік құс өнімдерінің негізгі сатып алушысына айналды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуТауық жұмыртқалары
Тауық жұмыртқалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Жазылу
Еліміз тауық жұмыртқасының 43 пайызын Ресей Федерациясынан импорттады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ауыл өнеркәсібі өнімінің экспортын дамытудың Ресей федералдық орталығы құс еті өнімдерінің экспорты көлемінің артқанын хабарлады.
2025 жылдың алғашқы сегіз айында Ресей 12,4 мың тонна жұмыртқа экспорттады. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім заттай 93,3%-ды, құндық көрсеткіште 72,4%-ды құрады.
Қазақстан 43% үлеспен құн бойынша импорттаушы елдер тізімінде көш бастады. Олардан кейін Моңғолия 28% көрсеткішпен және БАӘ 21% деңгеймен тұр.
Сонымен қатар, 2025 жылдың сол сегіз айында Ресей 290 мың тоннадан астам құс етін экспорттады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Жеткізудің құндық көлемі 26%-ға өсті. Бұл көрсеткіште Қазақстан 8 пайыздық үлеспен негізгі сатып алушылардың бірі болды.
Көшбасшылар қатарында Қытай – 44%, сонымен қатар Сауд Арабиясы Корольдігі – 25% бар.
Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды
Жаңалықтар
0