Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды

© Photo : ПАО "Газпром"Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды
Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
Алты айда республика 320,9 миллион долларға газ алды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. "Газпром" басшысы Алексей Миллер мен Қазақстанның бірінші вице-министрі Роман Скляр 2025 және 2026 жылдары Ресейден Қазақстанға газ жеткізуді ұлғайту туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа Владивостоктағы Шығыс экономикалық форум аясында қол қойылды.

"Құжатқа жұмыс кездесуі барысында қол қойылды. Тараптар газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың барысы мен даму перспективаларын талқылады", - деп хабарлады компаниядағылар.

Қазақстан үкіметі хабарлағандай, Роман Скляр "Газпром" ЖАҚ-мен серіктестіктің стратегиялық сипатына тоқталып, Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінің энергетикалық нарықтарын тұрақты дамыту үшін күш-жігерді үндестіру маңыздылығын айтты.
Жаңалықтар
0