https://sputnik.kz/20250913/futboldan-keyingi-tobeles-zhambyl-oblysynda-oqushy-koz-zhumdy-57040209.html
Футболдан кейінгі төбелес: Жамбыл облысында оқушы көз жұмды
Футболдан кейінгі төбелес: Жамбыл облысында оқушы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында оқушылар арасындағы төбелестен кейін 10-шы сынып оқушысы көз жұмды. Полиция екі жасөспірімді қамауға алды, деп... 13.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-13T15:42+0500
2025-09-13T15:42+0500
2025-09-13T15:41+0500
оқушы
төбелес
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0e/18121118_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_08ab43ecd461616bd6bb0d744effdec0.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында оқушылар арасындағы төбелестен кейін 10-шы сынып оқушысы көз жұмды. Полиция екі жасөспірімді қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Көкқайнар ауылында болған. Футболдан кейін 10-шы және 11-ші сынып оқушылары төбелесіп қалған. Бірақ жанжал онымен аяқталған жоқ. Жоғары сынып оқушылары жеңілгенін мойындамай, өз қарсыластарын бір дүкеннің артында жинап, соққыға жыққан. Сол кезде біреуі өзінен екі жас кіші оқушыны кеуде тұсынан қатты ұрған. Оқушы есінен танып қалған. Ал үйінде өзін жайсыз сезініп, құса берген, дем алуы да қиындап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін жасөспірім көз жұмды.Облыстық полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді.Айта кетері, бұл бап бойынша 8 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250902/tarazda-oqushy-pyshaq-zharaqatynan-koz-zhumdy-56751164.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0e/18121118_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_e34a943c311d9aac654134d5d715a49a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, төбелес, жамбыл облысы
оқушы, төбелес, жамбыл облысы
Футболдан кейінгі төбелес: Жамбыл облысында оқушы көз жұмды
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында оқушылар арасындағы төбелестен кейін 10-шы сынып оқушысы көз жұмды. Полиция екі жасөспірімді қамауға алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Көкқайнар ауылында болған. Футболдан кейін 10-шы және 11-ші сынып оқушылары төбелесіп қалған. Бірақ жанжал онымен аяқталған жоқ. Жоғары сынып оқушылары жеңілгенін мойындамай, өз қарсыластарын бір дүкеннің артында жинап, соққыға жыққан. Сол кезде біреуі өзінен екі жас кіші оқушыны кеуде тұсынан қатты ұрған. Оқушы есінен танып қалған. Ал үйінде өзін жайсыз сезініп, құса берген, дем алуы да қиындап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін жасөспірім көз жұмды.
Облыстық полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі уақытта істі толыққанды, объективті және жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұл бап бойынша 8 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.