https://sputnik.kz/20250913/abay-oblysynda-damy-bala-arqyly-aqsha-zhymqyrgan-basshy-sottaldy-57003022.html
Абай облысында Damy Bala арқылы ақша жымқырған басшы сотталды
Абай облысында Damy Bala арқылы ақша жымқырған басшы сотталды
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал толық өтелді 13.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-13T20:14+0500
2025-09-13T20:14+0500
2025-09-13T20:14+0500
абай облысы
сот
сот шешімі
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында "Damu Bala" платформасы арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқтады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті."SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген, дейді агенттік."Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250814/qyzylordada-damu-bala-zhobasyn-tekseru-kezinde-aqsha-bopsagalagandar-sottaldy-56357340.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, сот, сот шешімі
абай облысы, сот, сот шешімі
Абай облысында Damy Bala арқылы ақша жымқырған басшы сотталды
Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал толық өтелді
АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында "Damu Bala" платформасы арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқтады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті.
"SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.
"Ай сайын жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған. Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға "қатысушы" ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған", - дейді ведомство.
Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген, дейді агенттік.
"Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.