https://sputnik.kz/20250814/qyzylordada-damu-bala-zhobasyn-tekseru-kezinde-aqsha-bopsagalagandar-sottaldy-56357340.html
Қызылордада "Даму бала" жобасын тексеру кезінде ақша бопсалағандар сотталды
Қызылордада "Даму бала" жобасын тексеру кезінде ақша бопсалағандар сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Қызылордада "Даму бала" платформасын тексеру кезінде ақша бопсалаған қызметкерлер сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг... 14.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-14T11:20+0500
2025-08-14T11:20+0500
2025-08-14T11:32+0500
қызылорда облысы
ақша бопсалау
бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Қызылордада "Даму бала" платформасын тексеру кезінде ақша бопсалаған қызметкерлер сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Олар балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз алған.Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.Сот үкімімен басты айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, мүлкін тәркіленді. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250627/qaytarylgan-aktivter-zerendide-sport-mektebi-ashyldy-55163222.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, ақша бопсалау, бопсалау
қызылорда облысы, ақша бопсалау, бопсалау
Қызылордада "Даму бала" жобасын тексеру кезінде ақша бопсалағандар сотталды
11:20 14.08.2025 (жаңартылды: 11:32 14.08.2025) АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Қызылордада "Даму бала" платформасын тексеру кезінде ақша бопсалаған қызметкерлер сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз алған.
"Мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижесін "оң шешіп береміз" деген желеумен ақша бопсалаған. Олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған", - дейді ведомство.
Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен басты айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, мүлкін тәркіленді. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.