Қазақстан 10,4 млн тонна астық экспорттайды

Вагоны с зерном - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Бұл көрсеткіш 2024/25 жылдағы рекордтық көрсеткіштен 13%-ға төмен
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығында өңделген өнімдерді (бидай және жем ұны) қоса алғанда, 10,4 миллион тонна астық экспортталады, оның 6 миллион тоннасы бидай. Бұл туралы Қазақстан астық одағының ресми өкілі Евгений Карабанов ҚХА News агенттігіне айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл көрсеткіш 2024/25 жылдағы рекордтық көрсеткіштен 13%-ға төмен, бірақ орташа көпжылдық мәндерден 17%-ға жоғары. Бұл ретте өңделген өнімдердің, бірінші кезекте, Қытайға жем ұны экспорты артқаны байқалады.
Қазақстанның мұхиттан географиялық алшақ орналасуына байланысты қазақстандық бидай мен өңделген өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары жақын маңдағы елдермен шектеліп отыр:
Өзбекстан – бидай және бидай ұны;
Ауғанстан – бидай ұны және бидай;
Қытай – жемдік ұн, бидай, бидай ұны;
Тәжікстан – бидай және бидай ұны;
Қырғызстан – бидай және бидай ұны;
Түрікменстан – бидай ұны және бидай.
Макарон өнімдерін өндіруге арналған қатты бидай алыс елдердің арасынан Италияға экспортталады.
"Егер бидайды алыс нарықтарға экспорттау кезінде көлік шығынын ішінара өтеуге бюджеттік қаржыландыру қарастырылған болса, біздің бидайды Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізуге болады", - деді Қарабанов.
2025/26 жылдары Қытай мен Иранның дәстүрлі нарықтарына 1,7 миллион тонна (-10% жыл/жыл) арпа экспортталады деп болжанып отыр.
Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Жаңалықтар
0