Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиҚазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналған
АСТАНА, 10 қыркүйек - Sputnik. Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ін құрайды.
Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
221 мың тонна майлы дақыл;
933 мың тонна картоп;
2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс;
2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын жинады.
"Сонымен қатар 358,1 мың тонна қырыққабат, 448,1 мың тонна пияз және 137,8 мың тонна сәбіз жиналды", - дейді ауылшаруашылық министрлігі .
Министрліктің айтуынша, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізіліп жатыр.
Президент ознакомился с ходом уборочной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Егіс алқабының үштен бір бөлігінен астық жиналды
Жаңалықтар
0