Егіс алқабының үштен бір бөлігінен астық жиналды

© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Жазылу
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 4,6 млн гектардан 6,5 млн тонна астық жиналды. Бұл егіс алқабының 28,5%-ын құрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дәнді дақылдардан бөлек көкөніс пен дәнді дақылдардың біраз бөлігі жиналды. Олар:
қырыққабат - 347,4 мың тонна (өнімділігі 370,2 ц/га);
пияз - 418 мың тонна (өнімділігі 396,5 ц/га);
сәбіз -129,3 мың тонна (өнімділігі 311,3 ц/га);
картоп - 778,1 мың тонна (өнімділігі 238,6 ц/га);
көкөніс - 2 млн тоннадан астам (өнімділігі 290,3 ц/га);
бақша дақылдары - 2,1 млн тонна (өнімділігі 274,7 ц/га);
майлы дақылдар - 131 мың тонна.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізіліп жатыр.
