Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды

Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды
Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Қазақстанда 544 мыңнан астам пациент тіркелген, оның 95%-ы 2 типті қант диабетімен ауырады
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Бүгін республикалық эндокринология және қант диабеті құзыреттілігі орталығының салтанатты ашылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, қант диабеті негізгі медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр: Қазақстанда 544 мыңнан астам пациент тіркелген, оның 95%-ы 2 типті қант диабетімен ауырады.
Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды
Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды

"Эндокринологиялық қызметті нығайту - отандық денсаулық сақтаудың стратегиялық бағыты. Жаңа орталық диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге, пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға және асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деді салтанатты шарада денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Орталықтағы команданың құрамында эндокринологтар, офтальмологтар, педиатр хирургтары және басқа да мамандар бар.
Министр "эндокринология" бейіні бойынша құзыреттілік орталықтарын тек көпбейінді облыстық ауруханалар базаларында ғана емес, сонымен қатар МСАК деңгейінде, атап айтқанда, асқынулардың дамуын болдырмау және аяқтардың саулығын сақтау үшін диабеттік табан кабинеттерін ашу қажеттігін атап өтті.
Семей қаласында 30 жылда алғаш рет заманауи әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Семейде алғаш рет құтқарушылардың әмбебап бөлімшесі ашылды
Жаңалықтар
0