Семейде алғаш рет құтқарушылардың әмбебап бөлімшесі ашылды

Семей қаласында 30 жылда алғаш рет заманауи әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды
Семей қаласында 30 жылда алғаш рет заманауи әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Жаңа нысан рекордтық қысқа мерзімде - небәрі төрт айдың ішінде салынды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Семей қаласында 30 жылда алғаш рет заманауи әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Абай облысының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа нысан рекордтық қысқа мерзімде - небәрі төрт айдың ішінде салынды. Заманауи өрт сөндіру депосы барлық жағдай жасалған. Жаңа техника, диспетчерлік пункт, арнайы техникаларға арналған кең гараж, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, асхана және кезекші ауысымдарға арналған демалыс бөлмелері бар.
Өрт сөндірушілердің дайындығына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Депоның ішінде жаттығу залы, ал сыртында фитнес алаң қарастырылды.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша, құрылысқа "Демеу" республикалық қоры қолдау көрсетті.
"Ал бөлімшені қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге Қазақстан құтқарушылары қоры көмек берді. Бұл – мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің нәтижесі", - деді Әрінов депоның ашылу салтанатында.
Ресми шараға облыс әкімі Берік Уәли, өрт сөндіру қызметінің ардагерлері мен қала тұрғындары да қатысты.
Жаңа кешен Семей қаласына және оған іргелес аумақтарға қызмет көрсетеді. Оның жанында қызметтік тұрғын үйлерді де салу жоспарда бар.
Қызылордада 1500 орындық Келешек мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Астанада 28 мың оқушыға арналған жаңа мектептер ашылды
Жаңалықтар
0