https://sputnik.kz/20250912/almaty-oblysynda-oqushylar-mingen-avtobus-zhol-apatyna-tusti-57019199.html
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсті
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсті
Sputnik Қазақстан
Жол апатынан екі адам қайтыс болды 12.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-12T16:17+0500
2025-09-12T16:17+0500
2025-09-12T16:17+0500
алматы
автобус
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54223174_0:119:975:667_1920x0_80_0_0_03b1f9ac885a16e0c4ee17d490ff8eb7.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Іле және Қарасай аудандарына қарасты аумақта орналасқан саяжайда оқушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті."Сокол" саяжайының аумағында Hyundai Accent автокөлігі мен оқушылар мінген автобус соқтығысқан."Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомстводағылар.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Тергеуді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алған.
https://sputnik.kz/20250912/mangystaudagy-zhol-apaty-onirge-ulttyq-ulannyn-arnayy-borty-zhiberildi-57005193.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54223174_0:27:975:758_1920x0_80_0_0_e1c81160fe7d19a8401d71f669f469ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус, жүргізуші
алматы, автобус, жүргізуші
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсті
Жол апатынан екі адам қайтыс болды
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Іле және Қарасай аудандарына қарасты аумақта орналасқан саяжайда оқушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Сокол" саяжайының аумағында Hyundai Accent автокөлігі мен оқушылар мінген автобус соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Тергеуді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алған.