https://sputnik.kz/20250911/zhaz-boyy-su-aydyndarynda-1000-ga-zhuyq-quqyq-buzushylyq-anyqtaldy-56983286.html
Жаз бойы су айдындарында 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды
Жаз бойы су айдындарында 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды
Sputnik Қазақстан
"Назар аударыңыз! Шағын флот!" науқаны барысында 2701 шағын кеме тексерілген 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T15:43+0500
2025-09-11T15:43+0500
2025-09-11T15:51+0500
кеме
заң
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38869279_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_270dec761d0a407cea13a5074711c89d.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Су айдындарындағы қауіпсіздікті арттыру науқаны аясында мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлады көлік министрлігі.Жаз бойы жүргізілген республикалық "Назар аударыңыз! Шағын флот!" науқаны барысында автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімдері 2701 шағын кемені тексеріп, 986 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қатарында:Жазғы маусым басталғанға дейін барлық өңірлерде алдын алу шаралары өткізілді. Мамандар шағын кеме және тұрақ-базаларының иелерімен кездесулер, демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын өткізіп, азаматтарға кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі заңнамалық талаптар туралы айтты, дейді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20250818/turkistan-oblysynda-bir-kunde-100-den-astam-quqyq-buzushylyq-anyqtaldy-56430092.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38869279_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_c11e0326d7f42ccbb32b87c35b6c0b84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеме, заң, тексеру
Жаз бойы су айдындарында 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды
15:43 11.09.2025 (жаңартылды: 15:51 11.09.2025) "Назар аударыңыз! Шағын флот!" науқаны барысында 2701 шағын кеме тексерілген
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Су айдындарындағы қауіпсіздікті арттыру науқаны аясында мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлады
көлік министрлігі.
Жаз бойы жүргізілген республикалық "Назар аударыңыз! Шағын флот!" науқаны барысында автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімдері 2701 шағын кемені тексеріп, 986 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қатарында:
кеме жүргізушілері мен жолаушылардың құтқару жилеттері мен белдіктерінің болмауы – 344 жағдай;
шағын кемелерді пайдалану ережелерін бұзу – 220 жағдай;
кемені жүргізуге арнайы рұқсаты жоқ тұлғалардың басқаруы – 101 жағдай;
жылдамдықты асыру – 129 жағдай;
қоқысты суға лақтыру – 83 жағдай;
шағын кеме құжаттарының болмауы – 32 жағдай.
Жазғы маусым басталғанға дейін барлық өңірлерде алдын алу шаралары өткізілді. Мамандар шағын кеме және тұрақ-базаларының иелерімен кездесулер, демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын өткізіп, азаматтарға кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі заңнамалық талаптар туралы айтты, дейді ведомстводағылар.