Түркістан облысында бір күнде 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевС начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев
С начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Түркістан облысында полициябір күнде 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер бір тәулік ішінде Қарабұлақ ауылындағы 4 мыңға жуық үй мен шаруа қожалықтарын тексерді. Нәтижесінде таңбаланбаған әрі құжатсыз жүрген 3 мыңнан астам мал анықталды.
"Рейд барысында 12 мал сою орны қаралып, оның бірінде ветеринариялық талаптардың бұзылғаны белгілі болды. Құжатсыз мал тасымалдаған 6 жүк көлігі ұсталып, арнайы тұраққа 60 бас мал жеткізілді. Қару сақтау ережелерін сақтамағаны үшін 10 қару иесі жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство.
Көші-қон заңнамасын бұзған таяу шетелден келген 24 азамат анықталып, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстанның 3 азаматына шара қолданылды. Барлығы 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Үш көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
0