https://sputnik.kz/20250911/para-algan-ba-almaty-oblysynda-auyl-akimine-kandidattyn-belgisiz-beynezhazbasy-tarady-56984680.html
"Пара алған ба": Алматы облысында ауыл әкіміне кандидаттың белгісіз бейнежазбасы тарады
"Пара алған ба": Алматы облысында ауыл әкіміне кандидаттың белгісіз бейнежазбасы тарады
Sputnik Қазақстан
Сөгетіге әкім болуға Арман Дулатов, Асқар Қоғұлов, Құдайберген Мұхадиев кандидатттары ұсынылған 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T17:07+0500
2025-09-11T17:07+0500
2025-09-11T17:07+0500
алматы облысы
ауыл әкімі
пара
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0b/56984194_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d91149121c2af188fcc8700e50a1db50.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылына әкім болуға ниет білдірген кандидаттың түсініксіз бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі ауылға барып, тұрғындар мен сайлау комиссиясының пікірін біліп қайтты.Алматыдан 150 шақырым жерде орналасқан - Сөгеті ауылы. Өзіндік күйбең тірлігі бар бұл ауыл Еңбекшіқазақ ауданындағы ірі елді мекеннің бірі.14 қыркүйек мұнда әкім сайлауы болады. "Әкім болам, халқыма жақын болам" деп ұрандатып тіркелген кандидаттар саны - үшеу. Ауыл тұрғындары үш кандидат туралы білгенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Бұған дейін әкім сайлауын ерен санамайтын ауылдықтар бұл жолғы сайлауға тым қырағы."Қазір ауыл жастары өте белсенді, әкім ұсынған жоспарды бірге жүзеге асырып, орындалуын талап етеміз деп отыр", - дейді ауыл тұрғыны Айкен Бейсебаева.Сөгетіге әкім болуға Арман Дулатов, Асқар Қоғұлов, Құдайберген Мұхадиев кандидатттары ұсынылған.Алайда тосын бір жағдай болды. Ауылдағы әлеуметтік желіге кандидаттың бірі туралы бейнежазба тараған, тұрғындар аң-таң күйде."Ауылдың группасына Қоғұловтың видеосын жіберіпті. Мынаны сайламаңдар деп. Халық көрді. Енді ешкімге сайлау, сайлама деп айта алмайсың. Бір ғана бейнежазба келді, коррупционер деп айтып жатыр деп. Кім білсін енді... Қолмен ұстаған жоқпыз", - дейді Айкен Бейсебаева.Ауыл тұрғындарын екі ойға қалдырған бұл бейнежазба әлеуметтік желіге шыққан. Онда әкім болуға үміткер Асқар Қоғұловтың белгісіз бір бөлмеде ақшаға ұқсас затты алғаны көрініп тұр. Ал бейнежазбада жасырын түсіріп тұрған адамның кім екенін белгісіз. Десе де, бір-біріне бөтен емес екендерін байқауға болады. Өзара келісім жасасады.Сайлауға түсейін деп жатқан кандидаттың бұл әрекетіне қатысты Sputnik Қазақстан тілшісі Еңбекшіқазақ ауданы Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Ержан Әмірденовтен сұрады. Кандидат болуды тәптіштеп түсіндірген төраға бейнежазбада қатысты былай деді:
https://sputnik.kz/20250910/mangystau-oblysynda-ulgili-auyl-bayqauynyn-zhenimpazdary-marapattaldy-56966728.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0b/56984194_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2f5dd1a3bfd2c8dcd04b91c35b4aeddd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, ауыл әкімі, пара
алматы облысы, ауыл әкімі, пара
"Пара алған ба": Алматы облысында ауыл әкіміне кандидаттың белгісіз бейнежазбасы тарады
Сөгетіге әкім болуға Арман Дулатов, Асқар Қоғұлов, Құдайберген Мұхадиев кандидатттары ұсынылған
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылына әкім болуға ниет білдірген кандидаттың түсініксіз бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Sputnik Қазақстан тілшісі ауылға барып, тұрғындар мен сайлау комиссиясының пікірін біліп қайтты.
Алматыдан 150 шақырым жерде орналасқан - Сөгеті ауылы. Өзіндік күйбең тірлігі бар бұл ауыл Еңбекшіқазақ ауданындағы ірі елді мекеннің бірі.
14 қыркүйек мұнда әкім сайлауы болады. "Әкім болам, халқыма жақын болам" деп ұрандатып тіркелген кандидаттар саны - үшеу. Ауыл тұрғындары үш кандидат туралы білгенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
"Бірі - мына өзіміздің 4 жыл отырған қазіргі әкім Құдайберген деген жігіт. Жұмысын жақсы істеді. Екіншісі - осы ауылда туып өскен Асқар есімді жігіт, қазір Шелекте ЦОН-да істейді. Әйтеуір цонға барсақ сол шаруамызды бітіріп береді. Үшіншісін танымаймыз. Мына Масақ ауылының Арман деген азаматы дейді", - қай тұрғынды сөзге тартсақ та айтқаны осы.
Бұған дейін әкім сайлауын ерен санамайтын ауылдықтар бұл жолғы сайлауға тым қырағы.
"Қазір ауыл жастары өте белсенді, әкім ұсынған жоспарды бірге жүзеге асырып, орындалуын талап етеміз деп отыр", - дейді ауыл тұрғыны Айкен Бейсебаева.
Сөгетіге әкім болуға Арман Дулатов, Асқар Қоғұлов, Құдайберген Мұхадиев кандидатттары ұсынылған.
Алайда тосын бір жағдай болды. Ауылдағы әлеуметтік желіге кандидаттың бірі туралы бейнежазба тараған, тұрғындар аң-таң күйде.
"Ауылдың группасына Қоғұловтың видеосын жіберіпті. Мынаны сайламаңдар деп. Халық көрді. Енді ешкімге сайлау, сайлама деп айта алмайсың. Бір ғана бейнежазба келді, коррупционер деп айтып жатыр деп. Кім білсін енді... Қолмен ұстаған жоқпыз", - дейді Айкен Бейсебаева.
Ауыл тұрғындарын екі ойға қалдырған бұл бейнежазба әлеуметтік желіге шыққан. Онда әкім болуға үміткер Асқар Қоғұловтың белгісіз бір бөлмеде ақшаға ұқсас затты алғаны көрініп тұр. Ал бейнежазбада жасырын түсіріп тұрған адамның кім екенін белгісіз. Десе де, бір-біріне бөтен емес екендерін байқауға болады. Өзара келісім жасасады.
Сайлауға түсейін деп жатқан кандидаттың бұл әрекетіне қатысты Sputnik Қазақстан тілшісі Еңбекшіқазақ ауданы Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Ержан Әмірденовтен сұрады. Кандидат болуды тәптіштеп түсіндірген төраға бейнежазбада қатысты былай деді:
"Бейнежазбада көрсетілген кандидаттың Заңда айтылған талаптарға сәйкестігін анықтау барысында қандай да қылмыстық, әкімшілік, оның ішінде жемқорлыққа байланысты жауапкершілігі жөнінде мәліметтер болған жоқ. Бейнежазбада көрсетілген фактілер дәделденген жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - дейді Еңбекшіқазақ ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Әмірденов.