https://sputnik.kz/20250910/mangystau-oblysynda-ulgili-auyl-bayqauynyn-zhenimpazdary-marapattaldy-56966728.html
Маңғыстау облысында "Үлгілі ауыл" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Маңғыстау облысында "Үлгілі ауыл" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Sputnik Қазақстан
Байқауға 5 ауданнан 39 ауыл қатысты 10.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-10T19:38+0500
2025-09-10T19:38+0500
2025-09-10T19:38+0500
маңғыстау облысы
ауыл
ауыл әкімі
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56099158_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_133319788f238182d17ed10c5b6be76b.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында "Үлгілі ауыл" байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Байқауға 5 ауданнан 39 ауыл қатысты. Ал ақтық кезеңге 10 ауыл өтті. Оларды тазалығы мен абаттандыру деңгейіне, сондай-ақ, мәдениет, спорт және білім бойынша жетістіктерініе қарай бағалады. Осылайша, 7 елді мекен үздік деп танылып, қаржылай сертификатқа ие болды.3 мыңнан астам халқы бар ауылдар арасындағы жеңімпаздар:3 мыңнан аз тұрғыны бар ауылдар арасындағы жеңімпаздар:Ал Шетпе ауылы 2 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығына ие болды. Ауылдарға берілген қаржы абаттандыру, көгалдандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады.Айта кетейік, биыл ең үлгілі ауыл атанып отырған Бейнеу ауылында 57 мың адам тұрады. Жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды. Ауылда 12 мектеп, 19 балабақша, аурухана мен мәдениет үйі жұмыс істейді. Сондай-ақ 685 кәсіпкерлік нысан бар. Бейнеу ауылы толықтай электр энергиясымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етілген.
https://sputnik.kz/20250910/abay-oblysynda-auyl-mektepterine-kadrlyq-rezervten-10-direktor-tagayyndaldy---56943581.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56099158_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1a6fa95f0929c8b9521595b0817bfea6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, ауыл, ауыл әкімі
маңғыстау облысы, ауыл, ауыл әкімі
Маңғыстау облысында "Үлгілі ауыл" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Байқауға 5 ауданнан 39 ауыл қатысты
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында "Үлгілі ауыл" байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Байқауға 5 ауданнан 39 ауыл қатысты. Ал ақтық кезеңге 10 ауыл өтті. Оларды тазалығы мен абаттандыру деңгейіне, сондай-ақ, мәдениет, спорт және білім бойынша жетістіктерініе қарай бағалады. Осылайша, 7 елді мекен үздік деп танылып, қаржылай сертификатқа ие болды.
3 мыңнан астам халқы бар ауылдар арасындағы жеңімпаздар:
І орын - Бейнеу ауылы (10 млн теңге);
ІІ орын - Сайын Шапағатов ауылы (7,5 млн теңге);
ІІІ орын - Құрық ауылы (5 млн теңге).
3 мыңнан аз тұрғыны бар ауылдар арасындағы жеңімпаздар:
І орын - Сайөтес ауылы (8 млн теңге);
ІІ орын - Құланды ауылы (6 млн теңге);
ІІІ орын - Сыңғырлау ауылы (4 млн теңге).
Ал Шетпе ауылы 2 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығына ие болды. Ауылдарға берілген қаржы абаттандыру, көгалдандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады.
"Бұл жоба – ауылдардың дамуы мен бірлігін, тұрғындардың белсенділігі мен еңбегін көрсететін маңызды бастама. Бұл – тек марапат емес, әр ауылдың өз әлеуетін аша түсуіне жасалған қолдау. Ең бастысы – берілген қаражат ауылдың игілігіне жұмсалып, халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етуге тиіс. Сонымен қатар бұл конкурс арқылы біз ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасап отырмыз", – дейді облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, биыл ең үлгілі ауыл атанып отырған Бейнеу ауылында 57 мың адам тұрады. Жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды. Ауылда 12 мектеп, 19 балабақша, аурухана мен мәдениет үйі жұмыс істейді. Сондай-ақ 685 кәсіпкерлік нысан бар. Бейнеу ауылы толықтай электр энергиясымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етілген.