https://sputnik.kz/20250911/mangystaudagy-zhol-apaty-marqumdar-beket-ata-mazaryna-tau-etuge-bara-zhatqan-56992946.html
Маңғыстаудағы жол апаты: марқұмдар Бекет-Ата мазарына тәу етуге бара жатқан
Маңғыстаудағы жол апаты: марқұмдар Бекет-Ата мазарына тәу етуге бара жатқан
Sputnik Қазақстан
Осы оқиғасына байланысты ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T21:17+0500
2025-09-11T21:17+0500
2025-09-11T21:19+0500
маңғыстау облысы
жол апаты
министрлік
https://sputnik.kz/img/215/49/2154992_0:12:1200:687_1920x0_80_0_0_7311291373e3fbdfbd5b2a773eb0cd0c.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Маңғыстаудағы 10 адамның өмірін жалмаған қайғылы жол апатына байланысты үндеу жасады.Осы оқиғасына байланысты ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.Анықталғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.Ішкі істер министрлігі әкімдіктер мен профильді мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда, соның ішінде:Туыстарына барлық ақпарат дереу беріліп отырады, дейді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20250911/mangystau-oblysynda-zhol-apatynan-10-adam-qaytys-boldy-56992481.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/215/49/2154992_135:0:1066:698_1920x0_80_0_0_4b19bcba47cb60f9d04405e3e3c1d591.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жол апаты, министрлік
маңғыстау облысы, жол апаты, министрлік
Маңғыстаудағы жол апаты: марқұмдар Бекет-Ата мазарына тәу етуге бара жатқан
21:17 11.09.2025 (жаңартылды: 21:19 11.09.2025) Осы оқиғасына байланысты ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Маңғыстаудағы 10 адамның өмірін жалмаған қайғылы жол апатына байланысты үндеу жасады.
Осы оқиғасына байланысты ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
"Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексеріліп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Анықталғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі әкімдіктер мен профильді мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда, соның ішінде:
• қаза тапқандардың денесін өңірлерге жеткізу;
• туыстарымен тұрақты байланыс орнату;
• жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсету;
• заң аясында, сақтандыру және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қолдау.
Туыстарына барлық ақпарат дереу беріліп отырады, дейді ведомстводағылар.