https://sputnik.kz/20250911/dimash-qudaybergennin-khalyqaralyq-zhobasyna-qtzh-arnayy-poyyz-zhasaqtady-56956997.html
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасына ҚТЖ арнайы пойыз жасақтады
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасына ҚТЖ арнайы пойыз жасақтады
Sputnik Қазақстан
Түсірілім үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T08:01+0500
2025-09-11T08:01+0500
2025-09-11T08:01+0500
қтж
димаш құдайберген
шоу-бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42209520_0:371:1080:979_1920x0_80_0_0_789d074ce52f2385a13988ab9fe6949e.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық тасымалдаушы Димаш Құдайбергеннің "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық реалити-шоуына арналған арнайы пойыз жасақтады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.Жоба Қытайдың жетекші медиа-холдингі Hunan Broadcasting System-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Аталған компанияның күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді қамтиды. Жобаның атқарушы продюсері – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген. Арнайы жасақталған пойыз шамамен 150 өнерпаз бен халықаралық деңгейдегі қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Түсірілімдер Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Негізгі түсірілім алаңдары ретінде Шарын шатқалы, Бозжыра үстірті, Көбейтүз көлі және Сайрам-Өгем ұлттық паркі таңдалды. Жобаның финалдық кезеңі елорда – Астанада өтпек.
https://sputnik.kz/20250904/dimash-qudaybergen-realiti-shou-tusiredi-56824884.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42209520_0:270:1080:1080_1920x0_80_0_0_78635fdfaf47027a65fe396a88030f0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, димаш құдайберген, шоу-бағдарлама
қтж, димаш құдайберген, шоу-бағдарлама
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасына ҚТЖ арнайы пойыз жасақтады
Түсірілім үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық тасымалдаушы Димаш Құдайбергеннің "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық реалити-шоуына арналған арнайы пойыз жасақтады. Бұл туралы ҚТЖ
баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба Қытайдың жетекші медиа-холдингі Hunan Broadcasting System-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Аталған компанияның күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді қамтиды. Жобаның атқарушы продюсері – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан аумағында түсірілетін халықаралық "Voice Beyond Horizon" жобасына арнап арнайы музыкалық пойыздың қатынауын ұйымдастырды. Түсірілім үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді", - делінген хабарламада.
Арнайы жасақталған пойыз шамамен 150 өнерпаз бен халықаралық деңгейдегі қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
"Пойыз "Түркістан – Ақтау – Алматы – Астана" бағыты бойынша 18 күндік сапарға шықты. Маршрут аясында ірі қалаларда түсірілімдер мен мәдени шаралар өткізіліп, Қазақстанның туристік әлеуеті мен табиғи көрікті аймақтары кеңінен таныстырылады", - дейді ҚТЖ баспасөзі.
Түсірілімдер Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Негізгі түсірілім алаңдары ретінде Шарын шатқалы, Бозжыра үстірті, Көбейтүз көлі және Сайрам-Өгем ұлттық паркі таңдалды.
Жобаның финалдық кезеңі елорда – Астанада өтпек.