Димаш Құдайберген реалити-шоу түсіреді

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Елімізде бұл жоба "Qazaqstan" ұлттық арнасынан көрсетіледі
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген Қазақстанда халықаралық реалити-шоу түсіруді бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Kazakh Tourism" компаниясына сілтеме жасап.
Жаңа жоба "Hunan Broadcasting System" медиакорпорациясымен бірге түсіріледі. Димаш Құдайберген он жыл бұрын дәл осы Hunan TV арнасы арқылы кеңінен танылды. Енді ол халықаралық жобаның бастамашысы және продюсері болады.
"Бұл жоба - Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа парағы. Маған еліміздің байлығын - оның музыкасын, табиғатын және қонақжайлығын әлемге паш ету маңызды. Біз әртүрлі елдердің әртістерін біріктіріп, музыканың шекарасыз екенін тағы да дәлелдейміз", - дейді Құдайберген.
Музыкалық реалити-шоуға Қытай ,Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия әншілері қатысады. Олар еліміздің көрікті жерлерін арайлады. Атап айтқанда, Көбейтұз көліне, Шарын мен Бозжыра шатқалдарына, сондай-ақ Сайрам-Өгем ұлттық паркіне барады. Түсірілім Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Ал ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылады.
Реалити-шоудың түсірілімі 10 қыркүйекте басталады. Оны Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында көрсету жоспарланған. Ал елімізде бұл жоба "Qazaqstan" ұлттық арнасынан көрсетіледі.
Жаңалықтар
0