Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Еуроодақтан көмек ретінде тағы бір транш алды

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЕуроодақ символы
Еуроодақ символы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
Бұл транш Ресей Федерациясының Орталық банкінің бұғатталған активтерінен түсетін пайда есебінен қаржыландырылады
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Украина Еуроодақтан Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріспен қамтамасыз етілген 1 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмектің кезекті траншын алды, деп хабарлады сәрсенбіде Украина премьер-министрі Юлия Свириденко. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Украина Еуроодақтан макроқаржылық көмектің кезекті траншын - ERA Loans бағдарламасы бойынша 1 миллиард еуро алды. Бұл транш Ресей Федерациясының Орталық банкінің бұғатталған активтерінен түсетін пайда есебінен қаржыландырылады", - деп жазды Свириденко өзінің Telegram-каналында.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады.
200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Рубль - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Ресей активтерінен түсетін кіріс есебінен Канададан ақшалай транш алды
Жаңалықтар
0