Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Ресей активтерінен түсетін кіріс есебінен Канададан ақшалай транш алды

© Pixabay / Evgeny GoTown.ru Рубль
Рубль - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Қаражат G7 ERA бастамасы аясында бөлінген
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Канада Украинаға Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кіріс есебінен шамамен 1,7 миллиард доллар транш бөлді, деп хабарлады Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram-каналында. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Оның айтуынша, ақша G7 ERA бастамасы аясында бөлінген. Шмыгаль бұл қаражатты ел мұқтажына жұмсауға уәде берді. Ол сонымен бірге бұл жалпы 5 миллиард канадалық доллардың (3,45 миллиард АҚШ доллары) ішінде Оттавадан бірінші транш екенін түсіндірді.
Бұған дейін Шмыгаль "Үлкен жетілік" Киевке 50 миллиард доллар беруге уәде еткенін, оның 20 миллиардын Еуроодақ беретінін мәлімдеген.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0