https://sputnik.kz/20250910/soltustik-qazaqstanda-4-mynga-zhuyq-sauyndy-siyrga-arnalgan-ferma-iske-qosyldy-56967739.html
Солтүстік Қазақстанда 4 мыңға жуық сауынды сиырға арналған ферма іске қосылды
Солтүстік Қазақстанда 4 мыңға жуық сауынды сиырға арналған ферма іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Заманауи сүт-тауарлы ферма 3600 сауынды сиырға арналған 10.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-10T20:52+0500
2025-09-10T20:52+0500
2025-09-10T20:52+0500
ферма
сүт өнімдері
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/350/73/3507369_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_fbe94af698d35f111c382f8c2d656de7.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. СҚО-да қуаттылығы жылына 39 мың тонна болатын сүт-тауарлы ферма іске қосылып жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Жобаның құны – 8 млрд теңге. Заманауи сүт-тауарлы ферма 3600 сауынды сиырға арналған. Жаңа кешен Советтік ауылында орналасқан және жақын арада бірінші кезеңде пайдалануға беріледі. Толық қуатына шыққанда ферма жылына 39 мың тоннаға дейін сүт өндіретін болады.Алдағы уақытта шаруашылық ірі қара мал санын 12 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл нысанды өңірдегі ғана емес, еліміздегі ең ірі жобалардың біріне айналдырады, дейді министрліктегілер.Жобаны іске қосу үшін Эстония мен Украинадан голштино-фриз тұқымды 390 жоғары өнімді сиыр сатып алынды. Оның алғашқы 200 басы қазан айында жеткізіледі.Жем-шөп базасы да дайындалған. Шаруашылықтың қарауында 30 мың гектардан астам егістік бар, оның 3 мың гектары мал азығына бөлінген. Биыл мол өнімді жүгері жиналып, ол қыстық негізгі азыққа айналады.
https://sputnik.kz/20250515/mangystau-oblysynda-bekire-osirip-uyldyryq-ondiretin-ferma-ashylady-53562875.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/350/73/3507369_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_12c21f7f48bb717adef967c3775b0925.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ферма, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы министрлігі
ферма, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы министрлігі
Солтүстік Қазақстанда 4 мыңға жуық сауынды сиырға арналған ферма іске қосылды
Заманауи сүт-тауарлы ферма 3600 сауынды сиырға арналған
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. СҚО-да қуаттылығы жылына 39 мың тонна болатын сүт-тауарлы ферма іске қосылып жатыр, деп хабарлады
ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаның құны – 8 млрд теңге. Заманауи сүт-тауарлы ферма 3600 сауынды сиырға арналған. Жаңа кешен Советтік ауылында орналасқан және жақын арада бірінші кезеңде пайдалануға беріледі. Толық қуатына шыққанда ферма жылына 39 мың тоннаға дейін сүт өндіретін болады.
Алдағы уақытта шаруашылық ірі қара мал санын 12 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл нысанды өңірдегі ғана емес, еліміздегі ең ірі жобалардың біріне айналдырады, дейді министрліктегілер.
"Қазіргі таңда 850 сиырға арналған қоралардың 90%-ы дайын. Құрал-жабдықтар орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге немістің Westfalia компаниясының 100 орындық айналмалы сауу қондырғысы қойылатын сауу-мал блогы салынып жатыр. Ферманың жалпы аумағы – 62 гектар", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны іске қосу үшін Эстония мен Украинадан голштино-фриз тұқымды 390 жоғары өнімді сиыр сатып алынды. Оның алғашқы 200 басы қазан айында жеткізіледі.
Жем-шөп базасы да дайындалған. Шаруашылықтың қарауында 30 мың гектардан астам егістік бар, оның 3 мың гектары мал азығына бөлінген. Биыл мол өнімді жүгері жиналып, ол қыстық негізгі азыққа айналады.