Маңғыстау облысында бекіре өсіріп, уылдырық өндіретін ферма ашылады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаРыбное хозяйство Казахстана
Рыбное хозяйство Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Кешен жылына 100 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық түрлерін бассейнде өсіреді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында жылына 100 тонна бекіре тұқымдас балық өсіріп, уылдырық өндіретін ферма ашылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"RED PEARL" балық фермасының құрылысы Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен ауылы маңында биыл маусым айында басталады.
"Швейцариялық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын бұл кешен жылына 100 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық түрлерін бассейнде өсіріп, 10 тонна көлемде уылдырық өндіруді көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Кешен 2026 жылдың алғашқы тоқсанында толық іске қосылады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге.
Бұдан бөлек, аймақта Каспий теңізінің қазақстандық секторында жылдық қуаттылығы 5000 тоннаға дейін жететін теңіз форелін тор қоршамада өсіру жобасы іске асырылып жатыр.
Алғашқы кезеңде, яғни 2025–2026 жылдары 300 тонна өнім өндірілсе, 2026–2027 жылдары бұл көрсеткіш 1600 тоннаға, ал 2029–2030 жылдары 5000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Форель өсіруге арналған тор қоршама жүйелері қазіргі уақытта Норвегиядан жеткізілуде. Жобаны 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланған.
Браконьерлер аулаған балық - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Маңғыстауда заңсыз айналымдағы 88 кг бекіре тәркіленді
Жаңалықтар
0