Депутаттар ипотекалық несиені 1 процентпен беруді ұсынды

© Photo : Акимат АстаныАстанадағы пәтерлер
Астанадағы пәтерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте 1 проценттік ауыл ипотекасын беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл жарты жылдың ішінде 383 мың адам қоныс аударған. Олардың басым бөлігі Астана мен Алматыға көшіп барды. Соңғы 20 жылда 1400-ден астам ауыл жойылып кетті. Бүгінде тағы 500 ауылдық елді мекен "перспективасы жоқ" елді мекендер қатарына енгізіліп отыр.
"Ал басқа елдердің тәжірибесі ауылдарға нақты қолдау көрсетуге болатынын дәлелдеп отыр. Мәселен, Ресейде 2020 жылдан бері "Ауыл ипотекасы" бағдарламасы жұмыс істейді, ол бойынша жылдық 3%-ға дейінгі мөлшерлемемен 25 жылға кредит беріліп, бүгінде 100 мың отбасы ауылдан баспанаға ие болған. Әзербайжанда мемлекет ауылдық жерлерде 4%-дық кредитпен үйлер салып беруде. Бізде "Асыл мекен" ауыл ипотекасы іске қосылды, бірақ ол басталмай жатып тоқтап қалды", - деді депутат Серік Егізбаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оған қоса, көптеген ауылдарда сатып алатын үй де жоқ. Осыған байланысты "Ауыл" партиясының мәжілістегі фракциясы ауылды қайта жаңғыртуға арналған кешенді ұлттық бағдарламаны қабылдау қажет деп санайды. Негізгі ұсыныстар:
мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ауыл тұрғындары үшін қолжетімді тұрғын үй салу;
ауыл ипотекасын 1%-бен іске қосу;
әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға жаңа серпін беру;
"Дипломмен – ауылға" бағдарламасын жаңа мемлекеттік қолдау шараларымен толықтыру.
Фракция өз ұсыныстарын премьер-министрдің атына жолдады.
Отбасы банк - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
"Отбасы Банк" "Наурыз" ипотека бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0