Қарағанды облысында Таиландтан есірткі арнасын ұйымдастырған азамат ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoҚарағанды облысында Таиландтан есірткі арнасын ұйымдастырған азамат ұсталды
Қарағанды облысында Таиландтан есірткі арнасын ұйымдастырған азамат ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді "дроп" ретінде пайдаланып, пошта арқылы есірткі салынған сәлемдемені соның атына рәсімдеген
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті.
Арнайы операция барысында Тайланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.
Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді "дроп" ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені "Қазпошта" арқылы оның атына рәсімдеген.
Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты тәркіленді.
"Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы есірткі таратқаны да анықталды. Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Синтетикалық есірткі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
Жаңалықтар
0