https://sputnik.kz/20250707/esirtki-dayyndaumen-aynalysqan-sheteldik-eki-azamat-ustaldy-55447931.html
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
Sputnik Қазақстан
Заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді 07.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-07T09:12+0500
2025-07-07T09:12+0500
2025-07-07T09:27+0500
полиция
есірткі
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_9eae581c8fe9b647b65d31f69a91eb12.jpg
АСТАНА, 7 шілде - Sputnik. ІІМ "мефедронның" 35 мың дозасының таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Polisia.kz.Алматы облысындағы Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.Синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған.Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған.Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20250701/astanada-izdeude-zhurgen-sheteldik-ustaldy-55276418.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_8d35ea16b771e27de3d40a8479f07546.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, есірткі
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
09:12 07.07.2025 (жаңартылды: 09:27 07.07.2025) Заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді
АСТАНА, 7 шілде - Sputnik. ІІМ "мефедронның" 35 мың дозасының таралуына жол бермеді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Алматы облысындағы Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған.
"Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған.
Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.