Google деректер базасы бұзылды - Бас прокуратура азаматтарға үндеу жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновGoogle деректер базасы бұзылды - Бас прокуратура азаматтарға үндеу жасады
Google деректер базасы бұзылды - Бас прокуратура азаматтарға үндеу жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Gmail пошта сервисінің 2,5 миллиард пайдаланушысының деректері тарап кеткен
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы Google дерекқорының бұзылуына және Gmail пошта сервисінің 2,5 миллиард пайдаланушысының деректердің ағуымен байланысты қазақстандықтарға үндеу жариялады.
Киберқауіпті құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы анықтады.
"Ұйымдастырушы ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі акаунтқа қатысты байланыс дерек көздеріне қол жеткізген. Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған", -дейді Бас прокуратура.
Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді немесе аккаунттарға қолжетімділікті иемденген.
Қауіпсіздік үшін ұсынылатын шаралар:
Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе қарапайым немесе қайталанатындарын.
Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.
Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу — он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.
Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу.
"Бұл оқиға тіпті жартылай жарияланған деректердің өзі кең ауқымды алаяқтық сызбалардың негізіне айнала алатынын көрсетеді. Сондықтан қолданушылар мен ұйымдар қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдап, аккаунттарын үнемі тексеріп тұруы қажет, бұл деректердің ұрлануын немесе қаскүнемдердің қолына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Телефон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Алаяқтарға алданған қазақстандықтар 7 млрд теңгесінен айырылған
Жаңалықтар
0