Алаяқтарға алданған қазақстандықтар 7 млрд теңгесінен айырылған

© Photo : Pixabay / MimzyТелефон в руках мужчины
Телефон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Оның тек 11%-і ғана өтелген
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар биыл 7 айда интернет-алаяқтардан 7 млрд теңге залал шекті, деп хабарлайды Finprom.kz.
Жеті айда тіркелген барлық құқық бұзушылықтың 44,4%-і –интернет-ресурстар арқылы қаражатты ұрлау фактісі.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, соңғы бірнеше жылда интернет-алаяқтықпен байланысты тіркелген құқық бұзушылықтар саны 40 еседен астам өскен.
Егер 2018 жылы осындай 500-ден астам құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, 2023 жылы 21,8 мыңға жеткен. Құқық қорғау органдары интернет-қылмыскерлермен күресуге бар күшін салуда. Мәселен, ІІМ өткен жылы CyberPol пилоттық жобасын іске қосып, әр өңірде оның бөлімшелерін ашты. Осы жазда Ұлттық Банкіқаржылық алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын бұғаттауға арналған Антифрод-орталық ашты. Киберқылмыс мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігеріне қарамастан, проблема әлі де өзекті болып тұр.
Статистика бойынша, көп жағдайда интернет-алаяқтық фактісі бойынша кінәлі адам табылмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылады. Өткен жылы 79,2% қылмыстық іс тоқтатылған. Биыл жеті айда көрсеткіш 56,3%-ке жеткен.
2024 жылғы қаңтар–шілдеде интернет-алаяқтықпен байланысты тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 24,5%-і интернеттен заттар сатып алған, бірақ тауар алмаған қазақстандықтардың шағымдары бойынша тіркелді.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша биыл қаңтар–шілде айларында интернет-алаяқтардан 7,1 млрд теңге залал келген. Оның 6,8 млрд теңгесі жеке тұлғаларға, 304,1 млн теңгесі заңды тұлғаларға тиесілі. Өндірілген залал сомасы небәрі –11%. Ал өткен жылы интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты қазақстандықтар 4,1 млрд теңгесінен айырылған.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жамбыл облысында бес алаяқ 130 адамды 246 миллион теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар
0