Жамбыл облысында бес алаяқ 130 адамды 246 миллион теңгеге алдап кеткен

© pexels.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
Олар жәбірленушілердің атына online тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы алаяқтық әрекет жасаған
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Тараз соты 130 адамды алдап кеткен 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.
Іс материалына сәйкес Т. өзінің қылмыстық сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірге ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімін теріс пайдаланып, олардың атына online тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы алаяқтық әрекет жасаған.
"Сотталғандардың қылмыстық әрекетінің салдарынан 130 адам жәбір көріп, жалпы 246 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, бейне және өзге де заттай айғақтар нәтижесінде толық және объективті түрде дәлелденді.
Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге соттады.
Ал Д., К., және И. 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, олар да 5 жыл бойы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істей алмайды.
Сотталған И. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот талқылауы барысында келтірілген залал ішінара өтелген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Ақмола облысында алаяқ әйел туған анасын алдап кетті
Жаңалықтар
0