Астананың көлік компаниясы LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қойды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстананың көлік компаниясы LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қойды
Астананың көлік компаниясы LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек-Sputnik. City Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы жер учаскелерін, әртүрлі құрылымдар мен ғимараттарды аукционға шығарды.
Sputnik Қазақстан тілшісіне CTS компаниясы түскен қаражат елордада LRT құрылысын аяқтауға жұмсалатыны туралы ақпаратты растады.
Сатылымға Нұра ауданындағы жер учаскесі шығарылды, бастапқы бағасы – 377 миллион теңге . Сондай – ақ аяқталмаған тұрғын үй кешені шығарылды, бастапқы бағасы - 3,28 миллиард теңге.
"Бұл өте аз сома. Сатудан түскен қаражат жеңіл рельсті көлік құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады", - деді CTS көлік компаниясы.
Егер объектілерді бірден сату мүмкін болмаса, онда олар қайтадан сауда-саттыққа шығарылады, деп атап өтті көлік компаниясы.
Бұған дейін Астана мәслихатының депутаттары болашақ станциялардың атауларын таңдаған болатын. 18 болашақ объектілердің атауы географияны және жақын маңдағы маңызды объектілерді ескере отырып таңдалды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстананың көлік компаниясы LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қойды
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Астананың көлік компаниясы LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қойды
Сондай - ақ LRT құрылыс бойынша, ұзындығы 22,4 шақырым болатын рельстерді төсеуді аяқтады. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасын салудың негізгі кезеңдерінің бірі, деп атап өтті әкімдік.
Пойыздың алғашқы екі құрамы қазірдің өзінде рельстерде тұр. Сынақ сапарлары қыркүйекте басталады. Ал LRT жолаушылар үшін көктемде іске қосылады.
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
18 станция: Астанадағы LRT аялдамалары қалай аталады
Жаңалықтар
0