18 станция: Астанадағы LRT аялдамалары қалай аталады

© Sputnik / Санат ИмангалиевСтроительство LRT в Астане
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Астанада LRT аялдамалары қалай аталатыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық маслихат отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде 18 станция болады. Станциялардың атауы мен маңызы туралы Астана қаласының тілдерді дамыту және мұрағат істері жөніндегі басқарма басшысы Сәкен Есіркеп баяндады.
"Жыл басынан бері бірнеше кездесу өткіздік, ақылдастық. Әр станцияға қатысты әртүрлі пікір айтылды. Бірнеше принцип басшылыққа алынды. Біріншісі - тарихи тұлғалармен атау, екіншісі - дәстүрмен байланыстыру. Үшінші принцип - әрбір станцияда орналасқан стратегиялық нысанмен байланыстыру", - дейді басқарма басшысы.
Астаналық билікке үшінші ұстаным ұнапты. Тұрғындар өзіне керек жерді оңай тауып алсын деген мақсат бар. 1 тамызда ономастика отырысында ұсыныстар бекітіліп, станция атаулары анықталған.
Сонымен LRT станцияларының атауы мынандай болады:
№101 станция– "Әуежай", әуежай маңында бастағандықтан,
№102 станция – "Атамекен", азаматтар станцияға келгенде атамекенін сезінсе деген құнды ұғым негізге алынған, станция маңында басқа стратегиялық нысан жоқ.
№103 станция– "Есіл", Есіл - Нұра каналы өтеді, өзге нысан жоқ.
№104 станция – Мәңгілік ел, Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылына жақын орналасқан.
№105 станция – Астана жұлдызы, Астана жұлдызы тарихи стелласымен байланысты аталды.
№106 станция – Нұра, Нұра ауданының шекарасында орналасқан.
№107 станция – Университет, Назарбаев университетіне жақын орналасқан, сол себепті оқу орнымен байланысты.
№108 станция – Ұлы Дала, Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орналасқан.
№109 станция – Астана Арена, елдегі ең ірі стадионның маңында орналасқан.
№110 станция – Жекпе-жек сарайы, дәл станцияның маңында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы орналасқан.
№111 станция – Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылынан Сығанақ көшесіне бұрылатын тұста орналасқан.
№112 станция – Бәйтерек, мұнда стратегиялық нысандар бар, 150-200 метр қашықтықта Бәйтерек тұр.
№113 станция – Министрліктер үйі, өйткені маңызды стратегиялық нысан осы станция маңында орналасқан.
№114 станция – Ұлттық музей, станция маңында Ұлттық музей орналасқан.
№115 станция – Театр, шамамен 400-500 метр жерде Қалибек Қуанышбаев атындағы театр орналасқан.
№116 станция – Мыңжылдық аллеясы, Мыңжылдық аллеясының маңында болғандықтан.
№117 станция – Жібек жолы, Шығыс пен Батысты жалғаған өркениеттің ошағы - Жібек жолы сияқты LRT да маңызды жол болады деген мақсатта осылай аталды.
№118 станция – Нұрлы жол, бұл станция Нұрлы жол темір жол станциясында орналасқан.
Вагоны LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Астана әкімі LRT-ның нақты қашан іске қосылатынын айтты
Жаңалықтар
0