https://sputnik.kz/20250908/zhasandy-intellekt-komegimen-meditsinalyq-qyzmetterdin-sapasyna-monitoring-zhurgiziledi-56904861.html
Жасанды интеллект көмегімен медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіледі
Жасанды интеллект көмегімен медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Себебі, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T15:03+0500
2025-09-08T15:03+0500
2025-09-08T15:03+0500
денсаулық сақтау
жасанды интеллект
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56898483_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bd170444879221ece98bf950fe6d2cf2.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс екенін айтты.Ол қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылғанын айтты."Осы ретте бұған дейін түрлі аймақта бой көтерген көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет. Сондай-ақ мұндай жаңа нысандар салуды жалғастыра берген жөн. Бұл жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдері аясында жеке инвестицияны да тарту керек. Сонда азаматтар Астанаға көше бермейді", - деді президент.Тоқаев фармацевтика өнеркәсібін дамытуға баса мән берген жөн екенін мәлімдеді. Өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейту – стратегиялық міндет, себебі бұған пандемия кезінде әбден көзіміз жетті, деді президент.Тоқаевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар.
https://sputnik.kz/20250908/toqaev-zhalqaulyq-pen-masyldyqqa-zholberetin-aleumettik-osal-toptardy-atady-56897652.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56898483_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9d8024fcca81a5cccff80b22f2d59e63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау, жасанды интеллект, президент
денсаулық сақтау, жасанды интеллект, президент
Жасанды интеллект көмегімен медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіледі
Себебі, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс екенін айтты.
"Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуып жатыр. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға беріледі", - деді мемлекет басшысы.
Ол қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылғанын айтты.
"Осы ретте бұған дейін түрлі аймақта бой көтерген көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет. Сондай-ақ мұндай жаңа нысандар салуды жалғастыра берген жөн. Бұл жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдері аясында жеке инвестицияны да тарту керек. Сонда азаматтар Астанаға көше бермейді", - деді президент.
Тоқаев фармацевтика өнеркәсібін дамытуға баса мән берген жөн екенін мәлімдеді. Өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейту – стратегиялық міндет, себебі бұған пандемия кезінде әбден көзіміз жетті, деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар.
"Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс. Елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыс өз жалғасын табады", - деді Тоқаев.