https://sputnik.kz/20250908/toqaev-zhalqaulyq-pen-masyldyqqa-zholberetin-aleumettik-osal-toptardy-atady-56897652.html
Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады
Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады
Sputnik Қазақстан
Оларды қолдауға кететін шығындар бюджетке түсетін табыстан да тез өсіп келеді 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T12:50+0500
2025-09-08T12:50+0500
2025-09-08T12:52+0500
қазақстан халқына арналған жолдау
атаулы әлеуметтік көмек
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56895894_0:36:1280:756_1920x0_80_0_0_1c2b24bfda38dceb3e0498b3054bebad.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президенттің айтуынша, бүгінде әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың саны айтарлықтай артты. Оларды қолдауға кететін шығындар бюджетке түсетін табыстан да тез өсіп келеді. Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәрінекөне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп "көмек қолын" созатын жылпостар да көбейді.Осы орайда президент кезінде "әлеуметтік саланың жанашырлары" толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқанын да еске салды."Соның салдарынан ажырасқанотбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде "көш бастаған" елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз. Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтсақ, әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді", - деді Тоқаев.Мемлекет басшысы елдегі демографиялық үрдістерді егжей-тегжейлі зерделеп, ұзақ жылға арналған шешімдер қабылдау қажеттігін жеткізді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құрылуы қажет.
https://sputnik.kz/20250908/toqaev-pilotsyz-kolikter-zhayynda-aytty-56897190.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56895894_113:0:1168:791_1920x0_80_0_0_e855b6159970061a1edb07b0e936ff7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына арналған жолдау, атаулы әлеуметтік көмек, президент
қазақстан халқына арналған жолдау, атаулы әлеуметтік көмек, президент
Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады
12:50 08.09.2025 (жаңартылды: 12:52 08.09.2025) Оларды қолдауға кететін шығындар бюджетке түсетін табыстан да тез өсіп келеді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, бүгінде әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың саны айтарлықтай артты. Оларды қолдауға кететін шығындар бюджетке түсетін табыстан да тез өсіп келеді. Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәрінекөне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп "көмек қолын" созатын жылпостар да көбейді.
"Біз әлі күнге дейін бұрынғы КСРО аумағындағы және одан тыс басқа да аймақтардағы қақтығыстарға қатысқан азаматтарға арнайы төлемдер жасап, медициналық қызмет көрсетіп келеміз. КСРО-ның ыдырағанына 35 жыл болса да, ардагерлеріміз барған сайын "жасарып", көбейіп барады. Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
Осы орайда президент кезінде "әлеуметтік саланың жанашырлары" толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқанын да еске салды.
"Соның салдарынан ажырасқанотбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде "көш бастаған" елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз. Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтсақ, әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы елдегі демографиялық үрдістерді егжей-тегжейлі зерделеп, ұзақ жылға арналған шешімдер қабылдау қажеттігін жеткізді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құрылуы қажет.