Тоқаев пилотсыз көліктер жайында айтты

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев выступает с посланием народу Казахстана
Касым-Жомарт Токаев выступает с посланием народу Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Жазылу
Президент Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс екенін де айтты
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке пилотсыз көліктерге қатысты заңнаманы әзірлеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдауда президент әлем бойынша пилотсыз жүк тасымалдайтын арнайы автокөліктер мен дрондар сияқты көлік түрлері дамып жатқанын ерекше айтты.
"Үкімет осындай технологиялардың тез арада қолданысқа енгізілуіне барынша жағдай жасауы қажет. Соның ішінде тиісті құқықтық актілер қабылдауы керек", - дедіТоқаев.
Президент Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс екенін де айтты. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет, деді мемлекет басшысы.
"Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту керек. Бірақ негізгі жауапкершілік – үкіметте. Тапсырманың орындалу барысын жылдың басында Үкіметтің жылдық есебінен кейін арнайы жиналыста қараймыз", - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Тоқаев тағы екі АЭС құрылысын жоспарлауды тапсырды
Жаңалықтар
0