https://sputnik.kz/20250908/qazaqstandyqtardyn-41-i-sportpen-shugyldanady-56909387.html
Қазақстандықтардың 41%-і спортпен шұғылданады
Қазақстандықтардың 41%-і спортпен шұғылданады
Sputnik Қазақстан
Ауылдық жерлерде 3 миллионға жуық адам спортпен тұрақты шұғылданады 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T19:30+0500
2025-09-08T19:30+0500
2025-09-08T19:30+0500
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35113921_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_8f1db2bbfe2a2f2437c66aa3bcd2ea1b.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.Бұл – жалпы халықтың 41,4%-ң. Оның ішінде: 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ке жеткізу. Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.
https://sputnik.kz/20250523/qarazhat-zhoq-tarazda-4-mynnan-astam-bala-sport-sektsiyalaryna-kezekke-tura-almay-kelgen---53808942.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35113921_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_26f8789f43d2d94324ce3076fd0d9819.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар
Қазақстандықтардың 41%-і спортпен шұғылданады
Ауылдық жерлерде 3 миллионға жуық адам спортпен тұрақты шұғылданады
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Бұл – жалпы халықтың 41,4%-ң. Оның ішінде:
6 021 117 адам (72%) – ерлер;
2 385 096 адам (28%) – әйелдер.
3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан.
Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ке жеткізу.
Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.
"Республика бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамтып отыр. Бұл бағдарламаларға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың міндеті – спортты дамытуға арналған қаржыландыруды барынша қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.