Таразда 4,5 мыңнан астам бала спорт секцияларына кезекке тұра алмай келген

© Public DomainЖамбыл облысында 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді
Жамбыл облысында 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді   - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Осы іске қатысты 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысының спорт басқармасы балалардың спорт секцияларына қатысуына мүмкіндік бермей келген. Осы іске қатысты Тараз қаласының прокуратурасы талдау жасады.
Басқарма бюджет қаражаты жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін бір жыл бойы заңсыз тоқтатып келген.
Ал, қолданыстағы заңнамада қаражат болмауына байланысты кезекті тоқтата тұруға қатысты нормалар қарастырылмаған.

"Қалалық прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, "Damu bala" платформасында заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалды", - делінген хабарламада.

Осы іске қатысты 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның екеуі - басшы.
Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғауға да назар аударған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы таксилер тек жұмыс күндері мен күндізгі уақытта тасымалдау қызметін көрсететіні анықталды. Қазіргі уақытта "Инватаксидің" жұмыс режимі қайта қаралды.
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын ойынға тіккен
Жаңалықтар
0