Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын ойынға тіккен

© Sputnik / Санат ИмангалиевИгромания, иллюстративное фото
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында екі спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге салып жіберген, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Екі бірдей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары 12 млн теңге бюджет қаражатын ойынға тіккен.
"Директорлар спорт алаңдары мен залдарды жалға беріп, одан бюджетке түсуге тиіс ақшаны өз пайдасына жаратқан. 12 млн теңгеден астам қаражатты букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған", - дейді ведомство.
Прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеп, оны облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеген.
10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жаңалықтар
0