Келесі жылы өңірлерді дамытуға 5,4 трлн теңге бөлінеді

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматы көшелері
Алматы көшелері - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Үкімет өңірлерде өмір сүру сапасын жақсартуға тағы қаражат бөледі.
Жалпы биыл халықты 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары аяқталады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 147 млрд теңге бөлінді, дейді үкіметтегілер.
Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жыл соңына дейін 17 қала мен 463 ауылда жобаларды аяқтау жоспарлануда.
"2026 жылы өңірлерді қолдауға 5,4 трлн теңге бөлінеді. Өңірлерде өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы — тікелей қаржыландыру емес, даму институттары арқылы мемлекеттік қолдау тетіктері", - деп жазылған хабарламада.
"Ауыл аманаты" жобасы аясында ауылдағы бизнесті қолдауға 25 мың жоба қаржыландырылады, бұл 30 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Ұлттық қордың қаржысы екі есе өседі – үкімет
Жаңалықтар
0