https://sputnik.kz/20250905/kasipkerlerdi-126-mln-tengege-aldagan-kudikti-qyrgyzstannan-ekstraditsiyalandy-56847152.html
Кәсіпкерлерді 126 млн теңгеге алдаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Кәсіпкерлерді 126 млн теңгеге алдаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған 05.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-05T15:07+0500
2025-09-05T15:07+0500
2025-09-05T15:14+0500
прокуратура
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура.Тергеу барысында 2019–2022 жылдар аралығында қаскүнемнің алдын ала сөз байласу арқылы өзге адамдармен бірге өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдарының өзара тиімді іс-қимылының нәтижесінде биылғы тамыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250807/400-mln-tenge-zansyz-tabys-tapqan-qazaqstandyq-baa-den-ekstraditsiyalandy-56224422.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, қырғызстан
Кәсіпкерлерді 126 млн теңгеге алдаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
15:07 05.09.2025 (жаңартылды: 15:14 05.09.2025) Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура.
Тергеу барысында 2019–2022 жылдар аралығында қаскүнемнің алдын ала сөз байласу арқылы өзге адамдармен бірге өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды.
"Алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде ол 11 кәсіпкердің жалпы 126 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдарының өзара тиімді іс-қимылының нәтижесінде биылғы тамыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.