400 млн теңге заңсыз табыс тапқан қазақстандық шетелден экстрадицияланды

© Pixabay / Alexandr PodvalnyБиткоин
Биткоин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура мен қаржылық мониторинг агенттігі криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады.
"Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз "Binance" криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында күдікті жасырынып, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
Осы жылдың ақпанында ол Дубайда ұсталып, бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, дейді прокурорлар.
Дикий Арман - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
"Дикий Арманның" сыбайласы БАӘ-ден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0