https://sputnik.kz/20250904/syyly-otbasynyn-qyzy-auyl-turgyndary-zhasospirimdi-qorlagandar-zhayly-aytty-56810171.html
"Сыйлы отбасының қызы": ауыл тұрғындары жасөспірімді қорлағандар жайлы айтты
"Сыйлы отбасының қызы": ауыл тұрғындары жасөспірімді қорлағандар жайлы айтты
Sputnik Қазақстан
Басты күдікті ауылдық әкімдікте қызмет істеген 04.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-04T13:07+0500
2025-09-04T13:07+0500
2025-09-04T13:33+0500
алматы облысы
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e9/09/04/56810704_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6fece673f760c12fdb5d8cefa3dd4462.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылында жантүршігерлік оқиға болды. 16 жастағы жасөспірімді 30-дағы екі әйел аяусыз қорлаған. Күдіктілер туралы тұрғындар не дейді, Sputnik Қазақстан тілшісі қылмыс болған ауылға арнайы барып қайтты."Жақсы отбасы"Бұл масқараны естіген Масақ ауылының тұрғындары бірі жағасын ұстаса, бірі әлі күнге сенбей дал. Айтуларынша, жасөспірімді аяусыз қорлаған басты күдікті сыйлы отбасының қызы."Естігенде қан қысымым көтеріліп кетті" дейді ол."Әкесі менімен оқыған. Жақсы отбасы, қыздың бейсауат жүрісін көрмегем", - дейді тағы бір тұрғын."Әке, кешірші"Екі күдіктінің бірінің әкесі Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берді. Айтуынша, қызы қорлық көрсетпеген, бірақ бейнекамераға түсіріп тұрған."Менің қызым видеоға түсіріп тұрған. Қазір қамауда жатыр. Баламды алып, сол қызымды көріп келуге бара жатырмын. Біз зейнеткерміз, денсаулығымыз жоқ. Қызым баяғыда ажырасып кеткен, екі баласы бар. Сол балаларды мектепке берейін деп құжатымен жүгіріп жүрсем мынадай жағдай болды ", - дейді күдіктінің әкесі.Ол қызының волонтерлікпен айналысқанын айтты."Қызым волонтер. Ауырып жатқандарға барып үйіне көмектесетін. Өзінен неге бұлай жасадың десем, "кешірші, әке" деп жылай береді. Видеоға түсіргені болмаса ешнәрсе істемедім дейді. Жәбірленушінің отбасына таңертең бір, түсте бір, кешке бір барамыз, жолатпайды", - дейді ол.Ал жігітін даулаған басты күдіктінің әкесі сұхбат беруге әл-дәрмені жоғын айтты. Анасы да төсек тартып қалған.Екі отбасы да ел бетіне қараудан қалып, бұғып тірлік жасап жүр.Басты күдікті - әкімдік қызметкеріЖасөспірімді қорлаған басты күдікті Масақ ауылдық әкімдігінде 6 жыл қызмет еткен.Қылмыс жасаған уақытта күдікті сырқаттанып, ем алатынын айтып жұмыстан сұранып кеткен."19 тамызда ішкі істер қызметкерлері жұмыс үстінде ұстап әкеткен. Күдікті маған кіріп, "РОВД-ға барып келейінші, бір проблема болып қалды" деп сұрайды, бірақ ойымда түк жоқ, босаттым. Сол кезде полиция алып кеткелі кеп тұр екен. 4 тамызда денсаулығына байланысты демалысқа кетті, 19 тамызда жұмысқа шыққан, сол күні ұстап әкетті", - дейді әкім орынбасары.Еске сала кетейік, Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімді 30 жастағы екі әйел аяусыз қорлаған.
https://sputnik.kz/20250904/omir-surgim-kelmeydi-anashym-almaty-oblysynda-zhasospirimdi-eki-ayel-ayausyz-qorlagan-56801911.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/04/56810704_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e9b1f5b973aba5e01a2fbd5cccdfd3f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жасөспірім
алматы облысы, жасөспірім
"Сыйлы отбасының қызы": ауыл тұрғындары жасөспірімді қорлағандар жайлы айтты
13:07 04.09.2025 (жаңартылды: 13:33 04.09.2025) Басты күдікті ауылдық әкімдікте қызмет істеген
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылында жантүршігерлік оқиға болды. 16 жастағы жасөспірімді 30-дағы екі әйел аяусыз қорлаған. Күдіктілер туралы тұрғындар не дейді,
Sputnik Қазақстан тілшісі қылмыс болған ауылға арнайы барып қайтты.
Бұл масқараны естіген Масақ ауылының тұрғындары бірі жағасын ұстаса, бірі әлі күнге сенбей дал. Айтуларынша, жасөспірімді аяусыз қорлаған басты күдікті сыйлы отбасының қызы.
"Өте жақсы танимын. Жақсы қыз, отбасын да жақсы танимын. Әкімдікте істейтін. Әке-шешесі де жақсы адамдар", - дейді Камал есімді ауыл тұрғыны.
"Естігенде қан қысымым көтеріліп кетті" дейді ол.
"Әкесі менімен оқыған. Жақсы отбасы, қыздың бейсауат жүрісін көрмегем", - дейді тағы бір тұрғын.
Екі күдіктінің бірінің әкесі
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берді. Айтуынша, қызы қорлық көрсетпеген, бірақ бейнекамераға түсіріп тұрған.
"Менің қызым видеоға түсіріп тұрған. Қазір қамауда жатыр. Баламды алып, сол қызымды көріп келуге бара жатырмын. Біз зейнеткерміз, денсаулығымыз жоқ. Қызым баяғыда ажырасып кеткен, екі баласы бар. Сол балаларды мектепке берейін деп құжатымен жүгіріп жүрсем мынадай жағдай болды ", - дейді күдіктінің әкесі.
Ол қызының волонтерлікпен айналысқанын айтты.
"Қызым волонтер. Ауырып жатқандарға барып үйіне көмектесетін. Өзінен неге бұлай жасадың десем, "кешірші, әке" деп жылай береді. Видеоға түсіргені болмаса ешнәрсе істемедім дейді. Жәбірленушінің отбасына таңертең бір, түсте бір, кешке бір барамыз, жолатпайды", - дейді ол.
Ал жігітін даулаған басты күдіктінің әкесі сұхбат беруге әл-дәрмені жоғын айтты. Анасы да төсек тартып қалған.
Екі отбасы да ел бетіне қараудан қалып, бұғып тірлік жасап жүр.
Басты күдікті - әкімдік қызметкері
Жасөспірімді қорлаған басты күдікті Масақ ауылдық әкімдігінде 6 жыл қызмет еткен.
"Мен бұл жұмысқа келгелі екі жыл. Ол кісі ортасына сыйлы, жауапкершілігі мол маман болған. Жұмыстан кешігу деген тіпті болмапты. Естігенде жағамызды ұстадық, содан бері өз-өзімізге келе алар емеспіз. Ауыл тұрғындары да, біз де оны сондай инабатты, кішіпейіл деп санайтынбыз", - дейді Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдос Молдабаев.
Қылмыс жасаған уақытта күдікті сырқаттанып, ем алатынын айтып жұмыстан сұранып кеткен.
"19 тамызда ішкі істер қызметкерлері жұмыс үстінде ұстап әкеткен. Күдікті маған кіріп, "РОВД-ға барып келейінші, бір проблема болып қалды" деп сұрайды, бірақ ойымда түк жоқ, босаттым. Сол кезде полиция алып кеткелі кеп тұр екен. 4 тамызда денсаулығына байланысты демалысқа кетті, 19 тамызда жұмысқа шыққан, сол күні ұстап әкетті", - дейді әкім орынбасары.
Еске сала кетейік, Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімді 30 жастағы екі әйел
аяусыз қорлаған.