Елдегі банктер өз қызметкерлерінің адам ұрлығына қатысы бар деген ақпаратқа жауап берді

© Sputnik / Болат ШайхиновБас прокуратура ғимараты
Бас прокуратура ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Қаржы институттары құқық қорғау органдарынан мұндай ақпарат алмағанын хабарлады
АСТАНА, 4 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның төрт банкі Қаржыгерлер қауымдастығының қолдауымен Бас прокуратураның қаржы институттары қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ туралы ақпаратына жауап ретінде бірлескен мәлімдеме жариялады.

"Банктерге прокуратурадан олардың бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің мұндай қылмыс бойынша тергеліп жатқаны туралы ресми хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта банктер осы іс бойынша ақпарат беруді сұрап прокуратураға хабарласады. Дәл қазір банктер бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар-жоғынан бейхабар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар жарияланған ақпаратты растайтын ресми құжаттарды алғаннан кейін барлық банк құқық қорғау органдарына клиенттердің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілгенін тексеруге барынша көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Қаржы ұйымдарының мәлімдемесінде банктердің барлығы өздерінің іскерлік беделін бағалайтыны және олар өз қызметін заңнамағаа және басқа да тиісті халықаралық шарттарға сәйкес атқаратыны айтылған.
Олар құқық қорғау және қадағалау органдарын қаржы институттарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жария мәлімдемелерге сақтықпен қарауға шақырды.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Бас прокуратура 5 жыл бойы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады. Ресми ақпаратта қылмыстық топтың құрамына еліміздің түрлі өңірінен 25 адам кіргені және олардың арасында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері, сондай-ақ бірқатар банктердің қызметкерлері болғаны айтылған.
Бас прокуратура бастапқы мәлімдемесінде банктердің атауын нақты көрсеткенмен, кейіннен оларды мәлімдемеден алып тастады.
Новый международный терминал аэропорта Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
300 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды
Жаңалықтар
0