https://sputnik.kz/20250724/300-mln-tengenin-altyn-buyymdaryn-urlagan-sheteldik-almaty-auezhayynda-ustaldy-55908088.html
300 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды
300 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстандық полицейлер бір айдың ішінде іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. Олардың арасында ауыр қылмыс жасаған шетелдіктер де бар... 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T18:13+0500
2025-07-24T18:13+0500
2025-07-24T18:14+0500
алматы
әуежай
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201149_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_55ed10ae769876502395ae93861c0841.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстандық полицейлер бір айдың ішінде іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. Олардың арасында ауыр қылмыс жасаған шетелдіктер де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Жақында Алматы қаласының әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Қытай азаматы ұсталды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Бахрейн Корольдігінде жеке үйге заңсыз кіріп, құны 535 629 АҚШ долларын (шамамен, 300 млн теңге) құрайтын зергерлік бұйымдардың коллекциясын ұрлап кеткен. Бұдан бөлек, Қазақстанның ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша Түркияда 40 жастағы Әзербайжан азаматы ұсталды. Ол 2017 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында қылмыстық топ құрамында донорлық органды заңсыз алып, сатуға қатысқан.Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Халықаралық ынтымақтастық аясында қылмыс жасағандарды экстрадициялау мәселесі пысықталады.Айта кетері, шілде айында Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. Олардың ішінде адам өлтірген, қарақшылық шабуыл жасаған, қасақана ауыр дене жарақатын келтірген, тонау мен бопсалау үшін айыпталғандар бар. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған 190 азаматтың орналасқан жері анықталды.
https://sputnik.kz/20250530/astanada-4-mln-tengege-altyn-buyymdardy-urlagan-ayel-ustaldy-54129391.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201149_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_421a2a7319db55fb5194e6b5a491c7b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әуежай, ұрлық
300 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды
18:13 24.07.2025 (жаңартылды: 18:14 24.07.2025) АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстандық полицейлер бір айдың ішінде іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. Олардың арасында ауыр қылмыс жасаған шетелдіктер де бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
Жақында Алматы қаласының әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Қытай азаматы ұсталды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Бахрейн Корольдігінде жеке үйге заңсыз кіріп, құны 535 629 АҚШ долларын (шамамен, 300 млн теңге) құрайтын зергерлік бұйымдардың коллекциясын ұрлап кеткен.
"Бахрейннен қашып үлгерген қытайлыққа халықаралық іздеу жарияланды. Ал оған қатысты шұғыл ақпарат Қазақстанның құқық қорғау органдарына түскен болатын. Соның негізінде шетелде пәтерді тонаған ер адам ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, Қазақстанның ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша Түркияда 40 жастағы Әзербайжан азаматы ұсталды. Ол 2017 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында қылмыстық топ құрамында донорлық органды заңсыз алып, сатуға қатысқан.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Халықаралық ынтымақтастық аясында қылмыс жасағандарды экстрадициялау мәселесі пысықталады.
Айта кетері, шілде айында Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. Олардың ішінде адам өлтірген, қарақшылық шабуыл жасаған, қасақана ауыр дене жарақатын келтірген, тонау мен бопсалау үшін айыпталғандар бар. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған 190 азаматтың орналасқан жері анықталды.