https://sputnik.kz/20250530/astanada-4-mln-tengege-altyn-buyymdardy-urlagan-ayel-ustaldy-54129391.html
Астанада 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды
Астанада 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T21:53+0500
2025-05-30T21:53+0500
2025-05-30T21:53+0500
ұрлық
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_c6836435844467dba769c87bc8de7d23.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Ол Астана қаласында зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлаған.Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды. Ол бірнеше күн қатарынан зергерлік дүкеннен ұрлық жасап жүрген.Ұрланған заттардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асады. Күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жұмсап үлгергенін айтқан.Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.
https://sputnik.kz/20250414/zhuzden-astam-adamnyn-150-mln-tengesin-urlagan-internet-alayaqtary-ustaldy---52449394.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_195:0:1199:753_1920x0_80_0_0_35320f6efa9070437279b0d91084807f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық, полиция
Астанада 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды
Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол Астана қаласында зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлаған.
"Полицияға дүкен өкілі белгісіз әйелдің бутиктен алтын әшекейлерді ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Дүкен қызметкерлері жоғалған заттарды тауар түгендеу кезінде анықтаған. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында, сатушы басқа клиентке назар аударған сәтте жас әйелдің алтын әшекейлерді байқатпай алып кеткені белгілі болған", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды. Ол бірнеше күн қатарынан зергерлік дүкеннен ұрлық жасап жүрген.
Ұрланған заттардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асады. Күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жұмсап үлгергенін айтқан.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.